Брэндон Кук Қанат Исламның ұлты орыс деп есептейді

Канадалық боксшы Брэндон Кук келесі қарсыласы қазақстандық Қанат Исламның ұлты орыс деп ойлайды екен.

«Бүгінде орыстар бокстағы ең үздіктердің бірі екенін білемін. Бірақ Ислам – адам, мен де – адаммын. Қанат менің қалай жаттығып жүргенімді әлі білмейді. Сондықтан, мен ол жаққа жеңіліс үшін бара жатқан жоқпын. Ақша табу үшін барамын. Менің арманым – әлем чемпионы титулын ұтып алу. Ислам соған жақын болды, сондықтан мен оны жеңсем, рейтингінің үздік ондығына енемін. Ол мені дұрыс бағаламай жүр деп үміттенемін», - деді Кук.

Айта кетейік, Ислам мен Кук арасындағы кездесу 9 қыркүйекте Астанада өтеді.