Қанат Ислам: Қарсыласты «құлатамын» деп айту ұлтымызға тән емес

Қазақ спортының жарық жұлдызы Қанат Ислам алдағы жекпе-жегінің Астанада өтетініне қуанышты екенін айтып, жанкүйерлерді бокс кешіне шақырды.

«Жекпе-жек өз елімізде өтетініне қуаныштымын. Бұл - мен үшін үлкен абырой. Мұның артында елдіктің, тәуелсіздіктің туы тұр. Сол үшін əрбір жекпе-жек мен үшін өте маңызды.

Қазір тəуелсіздіктің абыройын көтеретін, елім-жерім дейтін азаматтар жұмыс істейтін уақыт. Бір-бірімізге сын айтатын емес, нағыз ел үшін жұмыс істейтін уақыт келді», - дейді былғары қолғап шебері.

«Менің айтқаным тура келеді», «осындай раундта құлатамын» деп айту біздің ұлтқа тəн емес жəне жалпы өзім мақтануды ұнатпаймын. Бірінші раундтан бастап соңғыға дейін нешетүрлі жағдай болуы мүмкін. Сондықтан барлық жағынан тас-түйін дайын болу керек. Жаман-жақсы жақатарын да ойлау қажет. Себебі бұл – спорт», - деп сөзін түйіндеді Қанат Ислам.