«Өрмекші» допингпен ұсталды

Орта салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Андерсон Сильва (34-8) допинг дауына ілікті, деп хабарлайды prosports.kz шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.

Естеріңізге салайық, 25 қарашада «өрмекші» UFC 122 турнирі аясында Келвин Гастелуммен айқасу керек еді. Алайда USADA антидопинг агенттігінің допинг-тестінен сүрініп жарыстан шеттетілген болатын.

Ал енді міне USADA спортшының допинг-сынамасын көпшілікке жариялады. Нәтижесінде, бразилиялықтың организмінен несеп айдайтын дәрілер табылған (синтетикалық тестестерон мен диуретик). Екінші рет допингпен ұсталған Сильва кемінде 4 жылға үлкен спортан шеттетілуі ықтимал.

Файтердің өкілдерінің айтуынша, Сильва екі жылдан көп мерзімге шеттетілсе, спорттық мансабын аяқтауы мүмкін. Ал спортшының өзі допинг қолданғанын жоққа шығаруда.