Ресейлік маман: Қазақстан чемпионаты Ресейдің екінші лигасы секілді

«Қайрат» Академиясының бұрынғы директоры Дмитрий Галямин «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұқбатында Қазақстан футболының деңгейі жөнінде және Андрей Аршавиннің Қазақстандағы мансабы жайлы айтып берді, деп жазады Prosports.kz cайты.

- Қазақстан чемпионатының деңгейі ҰФЛ-ға (Ресейдің екінші лигасы) жақын. Бірақ Ресей премьер-лигасында доп тебе алатын бір топ шетелдік және қазақстандық ойыншылар бар. 10-15 қазақстандық футболшы РПЛ командаларында өнер көрсете алады.

Аршавиннің «Қайраттағы» мансабы жайлы айтар болсақ, шынымды айтайын, оның ісіне нағыз кәсіпқой ретінде қарағаны ұнады әрі қуантты. Үш жыл бойы командасына бар білгенін көрсетті. Оның интеллекті мен шеберлігі - Қазақстанға таңсық болатын. Ол «Қайратқа» көп үлесін қосты. Әлі екі-үш жыл ойнай алатын еді, - деді  Дмитрий Галямин сұқбатында.

Айта кетейік, қазіргі таңда үш қазақстандық жас ойыншы Ресей жерінде доп тебеді. Атап айтқанда, Еркебұлан Сейдахмет «Уфа» командасында, Бактиер Зайнутдино «Ростовта», ал Акмаль Бахтияров «Сочи» клубында өнер көрсетеді.