Қазақ футболшысы Францияның үздік клубтарының бірінде жүр

Қазақ футболшысы Дінмұхаммед Қашкен Франция чемпионатында доп тебуі мүмкін.

19 жасар ойыншы Алматы футбол мектебінің түлегі. «Астана» мен «Жетісу» командаларының жастар құрамында ойнаған. Соңғы уақытта испаниялық «Сарагосаның» жастар командасы «Касабланкада» өнер көрсетті.

Дінмұхаммед бағын Францияда сынап көрмек. Қазір ол «Лионның» жастар командасында қаралымнан өтіп жүр.