«Қазақстан барысы» жеңімпазы екі жылға спорттан шеттетілді

WADA допинг дауына іліккен «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиевке қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Еламан Ерғалиевтің қанынан рұқсат етілмеген препарат табылған болатын. Оның допинг сынамасы қараша айында Қазақстан чемпионатына қатысқан кезде оң нәтиже берген.

Алайда, WADA допинг дауына іліккен «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазын екі жылға спорттан шеттеуді жөн көрді.

Естеріңізге сала кетейік, 23 жастағы балуан өткен жылы «Қазақстан барысы» атанып, алтын «Тайтұяқпен» қоса 25 миллион теңге алған болатын.