Жас журналистер Павлодарда бақ сынасты

Бірінші кезеңде әр өңірден келген университет командасы өздерін таныстырып, түстен кейін берілген тақырыптар бойынша эссе жазды. Осыдан кейін олимпиада қатысушыларына арнайы экскурссия ұйымдастырылып, Павлодар қаласының көрікті жерлерімен таныстырды.

 

Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша, халықаралық ақпараттар технологиялар университеті, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жоғары ұпайға ие болды.

 

 

Бүгін, сәуірдің 16-сы күні, олимпиаданың екінші кезеңі басталды.  Студенттер теориялық білімін тексеру үшін журналистиканың жанры мен пішіндері, тарихы және телерадио журалистикасы пәндері бойынша 100 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Екінші кезеңнің келесі тапсырмасы журналистерге жедел ақпарат тарату. Республикалық олимпиада жеңімпаздары түстен кейін белгілі   болады. Сайыс нәтижесі psu.kz сайтында және басқа да БАҚ-та жарияланады.