«Қайрат» жақын арада бас бапкерімен қош айтысады

Осы маусымда «Қайратты» тізгіндеген жас маман Алексей Шпилевский жақын уақытта қызметінен кетуі мүмкін.

Prosports.kz тілшісіне белгілі болғандай, «Қайраттың» басшылығы маусымды сәтсіз бастаған жаттықтырушымен қоштасуға дайын. Өткен жылдың соңында Андрей Карповичтің орнына келген Алексей Шпилевский үш жылға келісімшартқа отырған болатын. Алайда бізге мәлім ақпарат бойынша, «Қайраттың» басшылығы жаңа жаттықтырушыны іздестіруге кіріскен. 

31 жастағы беларусь маманы алматылық ұжымдағы жағдайы мәз емес. 11 ойын өткізген «Қайрат» қазір ел біріншілігінде 6-орында келеді. 5 матчта жеңіске жетіп, 5 ойында жеңіліс тауып, 1 кездесуде тең түскен алматылық команданың қоржынында 16 ұпай ғана бар. Оған қоса, «Қайрат» Қазақстан Кубогы жолында қостанайлық «Тобылға» есе жіберген болатын.