«Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы қазақ күресін Олимпиада бағдарламасына енгізу үшін не істеу қажеттігін әрі қазақ күресі атауын не себепті өзгерту керектігін Sputnik Қазақстан сайтына айтып берді.

- Егер біз қазақ күресін халықаралық дәрежеге шығаратын болсақ, оның атауын өзгертуге мәжбүр боламыз. «Қазақ» деген сөзін алып тастауымыз мүмкін. Ол қазақты менсінбегеннен емес. Қытайлықтардың «мысықтың түсі қандай болғаны маңызды емес, бастысы тышқан аулауы керек» деген сөзі бар. Сондықтан оның атауы өзгергенмен, заты қазақтікі болып қала береді. Сондықтан біз «Халық барысы» жарысында белдесу күресін жаңғыртып жатырмыз. «Белдесу» ағылшынша, орысша, французша айтуға өте оңай. Жалпы қазақ күресінің атауын өзгерту болашақтың еншісінде, - деді федерация президенті.