Айбек Нұғымаров: Қазақ спорты үшін еңбек ете беремін

Жуырда қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысы»,  республикалық турнирінде жеңімпаз атанған Айбек Нұғымаров еліміздегі соңғы өзгерістерге қатысты өз пікірін білдіріп, халықты бірлікте болуға шақырды. 

 - Мен спортшы ретінде елімізде тұрақтылық пен бейбітшілік болғанын қалаймын. Сол себепті, жаңа сайланған президенттің еліміздің дамуына, алға қойған бағыттарына сенім артамын. Әрине, өткен жылдармен салыстырғанда біздің спортшылар үкімет қамқорлығының арқасында биік белестерді бағындырды.

Елімізде әрі қарай спорттың өркендеп дамуы үшін бар күшімді саламын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесіне арналған «Қазақстан Барысы», «Әлем Барысы» жарыстарына қатысып, абыройлы болдым. Әрі қарай қазақ спорты үшін еңбек ете беремін, - деді Айбек.