Қазақстанда 1,8 млн бала спортпен айналысады

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Мәдениет және спорт министрлігінің кезекті брифингі өтті. Оған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев қатысты, деп жазады Prosports.kz.

Брифинг барысында бұқаралық спортты дамыту бойынша министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты сөз болды. 

Алдымен сөз алған министр Ақтоты Рахметоллақызы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасының атуы» атты Жолдауына сай бұқаралық спортты қолдау мақсатында, кем дегенде жүз дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу ісі қолға алынғанын айтты. 

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда отандастырмыздың жүйелі дене шынықтыруы және спортпен қамту бағытына басымдылық беріліп отыр. Осы мақсатта елімізде 38 мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істеуде. Оның 27 мыңнан астамы спорт мектептерін қоса алғанда білім беру нысаны болса, 11 мыңы дене шынықтыру спорттық бағыттағы нысанға жатады екен. 

- Ведомстволық деректер бойынша, бүгінгі таңда бес жарым миллион қазақстандық спортпен жүйелі түрде айналысады. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында Республика бойынша 2 миллион 700 мың адамды қамтыған 27 мыңнан астам спорттық іс-шара өткізілді. Оның ішінде 16 мыңнан астам спорттық іс-шара ауылды жерлерде ұйымдастырылды. Халық арасында бұқаралық спортты дамыту және кеңінен нәсихаттау үшін спортқа деген қызығушылықты ерте жастан бастап оятудың қажеттілігін атап өтеміз. Сондықтан балалар, жасөспірімдер спортына айырықша көңіл бөлінуде. Оның ішінде жастар арасында танымал ойындар волейбол, баскетбол және мини футбол секілді спорт түрлері бар. Дәл осы спорт түрлері бойынша мектеп лигалары шеңберінде түрлі деңгейдегі жарыстар өткізіліп келеді. 

Жергілікті атқарушы органдардың ұсынған статистикасына сәйкес, мектеп жасындағы оқушылардың қатарында 1 млн 800 мың бала дене шынықтыру және спортпен қамтылған. Бұл дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатындардың 30-40%-ын құрайды. Мектептерді спорт залмен қамтамасыз етудің жоғары пайыздық көрсеткіштері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында және Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Қарағанды облыстарында байқалады, - дейді министр. 

Сонымен қатар, брифингте жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында танылған спорт түрлерінен мектеп ішілік жарыстар, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық финал қағидасы бойынша мектеп лигаларын ұйымдастырудың маңызды екені айтылды. Ақтоты Рахметоллақызының айтуынша, дәстүрлі «Былғары доп», «Қыран» лигалары турнирлерін өткізу бойынша жобалар көптің көңілінен шығып отыр. Бұл жобаларға жыл сайын еліміздің түрлі аймақтарынан 40 мыңнан астам оқушы қатысып келеді екен. 

- Әуесқойлықтан кәсіби спорт әлеміне жол салатын студенттік спортқа, оған қажетті инфрақұрлымды жақсартуға және бапкерлерді қолдауға аса мән берудеміз. Өйткені кешегі мектеп оқушыларының үлкен өмірге енулеріне мүмкіндік беретін салауатты сара жол осы спорттан басталады. Халықаралық тәжірибелерге сүйенетін болсақ, Олимпиадалардың жаңа жұлдыздары мен жанкүйерлердің кумирлері осы университеттік командалардан шықаннын білеміз. Білім және ғылым министрлігімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде еліздегі 131 жоғары оқу орнында 113 спорт клубы мен 2 мыңға жуық спорт секциялары ашылды. Оларда 177 мың студент спортпен айналысып келеді. Сондай-ақ, 772 колледжеде 268 мыңнан астам студент спортпен шұғылданып келеді. 

Сондай-ақ, ұлттық студенттер лигасы да кеңінен қанат жайып, студент жастар арасында танымал ұйымға айналып отыр. Қазақстанның футзалдағы жетістігі халықаралық аренада жоғары деңгейге мойындалып отыр. Тек өткен жылы ғана футзалдан ұлттық студенттер лигасының аймақтық және ақтық кезеңіне 114 жоғары оқу орындарынан 72 студенттік команда қатысты. Жастар арасында салауатты өмір салтын нәсихаттау мақсатында Республиканың ірі спорт нысандарында студенттер үшін жүзу бассейндері мен спорт залдарында 30-50%-ға дейін жеңілдік жүйесі қарастырылған. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, өткен жылы 462 381 балаға спорт түрлерімен айналысуға тегін абоненттер ұсынылған. Оның ішінде 185 301-і аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар. 237 545 бала көпбалалы отбасылардын шыққан балалар. Отыз мыңдайы ата-анасыз қалған балалар. Он мыңнан астамы ерекше қажеттілікті талап ететін балалар, - деді Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің айтуынша, 30 тамыздан бастап "Қазақстан Жастар Feast" атты бірігей жоба басталғалы отыр. Болашақта бұл жоба еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын тауып, еліміз бойынша 15 мыңнан астам жастар осы жобаға қатысады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, брифинг барысында биыл жыл соңына дейін көптеген ауқымды спорт шаралары өтетіні айтылды. Олардың қатарында қыркүйек айында 4 жылда бір рет өтетін ұлттық спорт түрлері фестивалі, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен лицензиялық әлем чемпионаты және стендтен атудан 9-шы Азия чемпионаты, конькимен сырғанаудан Әлем кубогы, дзюдодан Азияның ашық кубогы, «Әлем Барысы» жарыстары бар.

Спортты дамытудың тағы бір түйіні - инфрақұрылымды дамыту. Осы мақсатта мемлекет басшылығының тапсырмасына сәйкес спорттық нысандарға, жоғары қажеттілік нысандарға 100 шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды қолға алынуда. Осы орайда министрлік жергілікті әкімдікдермен бірге 2019 жылы салынатын жобалар тізімін нақтылап отыр. Биыл 22 шынықтыру-сауықтыру кешені, 2020 жылы 34, 2021 жылы 44 нысан салынады деп жоспарлап отыр. Аймақтарда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің 100, 160 және 320 орындық типтік нысандар қарастырылған екен. Бұл жұмыстар Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің басшылығындағы спорт комитеті белсенді жұмыс жүргізетін болады. 

Брифинг барысында айтылған тағы бір маңызды мәселе: Жапония астанасы Токиода өтетін 32-ші жазғы Олимпиада ойындарына бір жылдан аз уақыт қалды. Олимпиада белсенді дайындық жүріп жатыр. Осы жыл көлемінде ұлттық құрамалар 28 лицензиялық әлем чемпионатына, 19 Азия чемпионатына және 12 әлемдік іріктеу турнирлеріне қатысуды жоспарлап отыр. Онда олар Олимпиада ойындарына қатысу квоталарын ойнатуда. 2020 жылы 3 әлем чемпионатына, 19 Азия, 18 әлемдік іріктеу жарыстарына қатысу жоспарда бар. Олимпиада басталғанға дейін қазақстандық спортшылар лицензиялық рейтингтік ұпайларды жеңіп алу үшін 50-ден астам әлем Кубоктарына қатысып, олардың нәтижелері бойынша Олимпиада ойындарына қатысушылар анықталады.

Ал 2020 жылы спортшыларымыз 3 Әлем чемпионатына, 19 Азия, 18 әлемдік іріктеу турниріне қатысады. Олимпиада басталғанға дейін қазақстандық спортшылар лицензиялық рейтингтік ұпайларды жеңіп алу үшін 50-ден астам әлем кубоктарына қатысып, олардың нәтижелері бойынша Олимпиада ойындарына қатысушылар анықталады. 

Журналист сұрағына жауап берген Серік Сәпиев дәстүрлі Сейдахмет Бердікқұлов атындағы Спартакиада биыл да өтетінін айтты. Журналистер арасындағы аталған спорттық шара алғаш рет 2011 жылы өткен. Одан кейін әр 4 жыл сайын өтіп тұрады деп бекітілген. 2015 жылы Орал қаласында өткен. Енді биыл, 2019 жылы да осы спорттық шара өз жалғасын табатын болады. Айта кетерлгі, Спартакиада шағын футбол ғана емес, 9 спорт түріннен жарыстар өтеді. 

- Президент Әкімшілігінен бізге тапсырма түсті. Біз жоспарлап жатырмыз: журналистер арасында Спартакиада өткізу. Бюджеттен қаражат қарастырып жатырмыз, - деді Серік Сәпиев.