Үздік 5 чемпионаттың ең қымбат трансферлері

Англия, Германия, Италия, Испания және Франция чемпионаттарының командалары жазғы трансферлік кезеңде рекордты қаржы жұмсады, деп жазады Prosports.kz сайты.

BBC арнасының мәліметінше, «үлкен бестіктің» командалары өткен жылға қарағанды 80 миллион евро көп жұмсаған. Бұл 5,5 миллиард евро деген сөз.

Ағылшындық клубтар қатарына ойыншы қосу үшін 1,55 миллиард евроға шығындалған. Ал Испания командалары 1,36 миллиард евро, А Сериясының клубтары 1,17 миллиард евро, Бундеслига 737 миллион евро, Франция 665 миллион евродан құртқан. 

Еуропаның үздік 5 чемпионатындағы ең қымбат трансферлер:

Англия: қорғаушы Харри Магуайр («Лестер Ситиден» «Манчестер Юнайтед» - 88 миллион евро;

Испания: шабуылшы Жоау Феликс («Бенфикадан» «Атлетикоға» - 124 миллион);

Италия: шабуылшы Ромелу Лукаку («Манчестер Юнайтедтен» «Интерге» - 81 миллион);

Германия: қорғаушы Лукас Эрнандес («Атлетикодан» «Баварияға» - 75 миллион);

Франция: шабуылшы Виссам Бен Йеддер («Севильядан» «Монакоға» - 40 миллион).