Қазақстан балуандары Кореяда өткен жауынгерлік өнер фестивалінде алты жүлдеге ие болды

Оңтүстік Кореяның Чхунджу қаласында өтіп жатқан жауынгерлік өнер фестивалінде қазақстандық балуандар қазақ күресінен алты жүлде иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстан спортшылары екі алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер арасында Гүлнұр Ерболова үздік атанса, 80 келіге дейінгі салмақта ерлер арасында Бекзат Манасбаев тұғырдың биік сатысына көтерілді. 70 келіге дейінгі салмақ бойынша  Өскен Төлеубеков, сондай-ақ 65 келіде Аяулым Балапанова күміс жүлде еншіледі.