WBC чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, америкалық боксшы Джермалл Чарло қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға ниет білдірді.

«Мен GGG-дің соңғы жекпе-жегі жайлы не айта аламын? Жақсы айқас болды. Головкин – аңыз, ол керемет боксшы. Мен қуана-қуана онымен рингке шығар едім. Сондай-ақ ол үнемі шабуыл жасайтын боксшы. Стильдер жекпе-жекке арқау болады және оның стилі менікімен ұқсас. Бұл нағыз айқас болмақ. Біз онымен 12 раундтың барлығын өткізер едік деп ойлаймын, әрине ол шыдай алмаса, құлайды. Мен үздіктермен ғана жұдырықтасқым келеді. Мейлі, «Канело», Ковалев, Головкин немесе Джейкобс болсын», - деді Джермалл америкалық журналистермен әңгіме барысында.

Айта кеткен жөн, 7 желтоқсанда Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында Чарло ирландиялық Деннис Хоганмен жұдырықтасатын болады.