«Кайрат» пен «Аяттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі қазақстандық клубтардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуропалық жарыста өзінің алғашқы маусымын өткізген «Аят» В тобына түсті. Топта «Спортинг» (Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы жеңімпазы), бізге бұрыннан таныс «Тюмень» және хорватиялық «Ново време» командалары бар. Матчтар Ресейде өтеді.

В тобы

«Спортинг» (Португалия)

«Тюмень» (Ресей)

«Аят» (Қазақстан)

«Ново време» (Хорватия)

Алматылық алып клуб «Қайраттың» қарсыластары: «Бенфика», итальяндық «Песаро» және Испанияның «Эль-Посо» командалары. Айта кетейік, бұл топ өз матчтарын Алматыда өткізеді.

С тобы

«Бенфика» (Португалия)

«Эль-Посо» (Испания)

«Песаро» (Италия)

«Қайрат» (Казахстан)