«Қанат өткен жекпе-жекте үздік болмады». WBO пікір білдірді

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Қанат Исламның намибиялық Уолтер Каутондокваға қарсы жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Ислам - WBO рейтингісінде 8-орында тұр, оған әлі де бұдан жоғары көтерілуге мүмкіндік бар. Қанат өткен жекпе-жекте үздік болмады, алайда ол төрешілер шешімімен жеңіске жетуге барын салып бақты»,- деп мәлімдеді WBO.

Айта кетейік, Қанат Ислам (26-0, 21 КО) мен Намибиядан келген Вальтер Каутондоква (18-1, 17 КО) рингке шықты.  

Төрешілердің шешімімен Қанат жеңіп, өзіне тиесілі орта салмақтағы WBO халықаралық чемпионының белбеуі атағын сәтті қорғады.