Уолтер Каутондокваның промоутері: Қанаттың өзі жеңілгенін біліп тұрды

Алматыда жекпе-жек өткізген намибиялық боксшы Уолтер Каутондокваның (18-2, 17 КО) промоутері Нестор Тобиас Boxingscene басылымына берген сұқбатында Қанат Исламның (27-0, 21 КО) жеңісіне күмәнданды.

- Әлемдік рейтингіде жоғары тұрған екі боксшының арасында мықты жекпе-жек өтті. Екеуі кездесуді шапшаң бастады. Ислам алғашқы үш раундта мықты болды. Уолтерді жойқын соққысымен ұстады. Дегенмен ол бірден орнынан тұрды.

Осыдан кейін жекпе-жектің соңына дейін басымдық Уолтерде болды. Қанат оның қарсы қауқарлығын көрсете алмады.Уолтер нокдаунға түссе де бұл жекпе-жекте жеңіске жеткені анық, өйткені ол раундтардың басым көпшілігінде қарсыласынан мықты болды.

Өзімізді жүйе сатып кеткендей күй кештік. Спортта салған инвестициямыз үйіңнен алшақ жерде осылай жауап қатты. Тыңдаңыздаршы, Қанаттың өзі жеңілгенін біліп тұрды», – деді Нестор Тобиас.

Промоутер Бүкіләлемдік бокс қауымдастығына (WBO) шағымданып, боксшысы үшін өтемақы өндіріп алатынын жеткізді.