Жастарымыз Азия чемпионатында топ жарды. Өзбекстан екінші орында

Монғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақ боксшылары сәтті өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Жастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Қазақстан құрамасының еншісінде - алты алтын, бір күміс, екі қола. 

Қазақстандықтардың қатысуымен өткен финалдық жекпе-жектердің нәтижелері:

49 келі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Селай Сой (Үндістан) - 4:1
52 келі Махмуд Сабырхан - Сухет Суравут (Тайланд) - 5:0
56 келі Бейбарыс Жексен - Хуршидбек Расулжонов (Өзбекстан) - 5:0
64 келі. Дархан Дүйсебай - Жавлонбек Юлдошев (Өзбекстан) - 5:0
75 келі Азамат Бектас - Сухробжон Каимов (Өзбекстан) - 1:4
91 келі Тоғамбай Сағындық - Самадов Амиршох (Өзбекстан) - 5:0
+91 кг. Аманат Сабырғали - Ю Донг Джин (Оңтүстік Корея) - 5:0.

Марғұлан Айдарұлы(69 келі) мен Ерасыл Жакпеков(81 келі) қола медальды қанағат тұтты. 

Жалпыкомандалық есеп:

1. Қазақстан — 6-1-2 (9)

2. Өзбекстан — 3-3-2 (8)

3. Жапония — 1-0-2 (3)