Головкин 2019 жылы ең көп гонорар алған боксшылардың тізіміне енді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқаны үшін 15 миллион доллар табыс тапты, деп жазады Prosports.kz.

Vringe порталының мәліметінше, PPV сатылымын есепке алғанда GGG  дәл 15 миллион пайда тапқан. Сауль Альварес екі жекпе-жегінде де қарсыластарынан екі есе көп табысқа кенелген. Бұл кездесулер Дэниел Джейкобс пен Сергей Ковалевке қарсы өткен болатын.

Ал Энтони Джошуа 2019 жылы ең мол гонорар алған боксшы атанды. Ол Энди Руиспен өткен реваншта 85 миллион доллар тапқан. 

2019 жылы ең көп гонорар алған топ-10 боксшы:

1. 85 миллион $ - Энтони Джошуа Энди Руиспен өткен реваншта осынша табыс тапты.

2. 75 миллион $ әрқайсысы - KSI мен Логан Пол өздерінің екінші кездесуінде 150 миллион доллар тапты (бұны өзара теңдей бөліседі).

3. 36 миллион $ - Сауль Альварес Дэниел Джейкобспен жекпе-жекте.

4. 35 миллион $ - Сауль Альварес Сергей Ковалевпен жекпе-жекте.

5. 25 миллион $ - Энтони Джошуа Энди Руиспен бірінші жекпе-жекте.

6. 15 миллион $ - Геннадий Головкин Сергей Деревянченкомен жекпе-жекте.

7. 13 миллион $ - Энди Руис Энтони Джошуамен екінші жекпе-жекте.

8. 11 миллион $ - Тайсон Фьюри Том Шварцпен жекпе-жекте.

9. 10 миллион $ - Деонтей Уайлдер Доминик Бризилмен жекпе-жекте.

10. 10 миллион $ - Дэниел Джейкобс Сауль Альвареспен жекпе-жекте осынша табыс тапты.

Ковалевпен жекпе-жек «Канело» үшін тиімсіз болды