Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде үздік 10-қа енді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) WBO жаңартылған рейтингінде жоғары көтерілді.

Жәнібек Әлімханұлы рейтингіде 7 сатыға көтеріліп, 6-шы орынға тұрақтады Үздік үштікке америкалық Дэниэл Джейкобс, поляк Камил Шеремета және украиналық Сергей Деревянченко кірді.

Айта кетейік, 10 қараша күні Жәнібек Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) жеңіп, орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін қорғап қалды.